384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда джиу-джитсудан ADCC әлем чемпионаты өтеді

  • 597
  • UPD: 18:15, 18.07.2017
Алматыда джиу-джитсудан ADCC әлем чемпионаты өтеді Ақпаратттық және спорттық хаб

Бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтен Қазақстан федерациясының президенті Төлеген Құмаров ақпараттық-спорттық хаб тілшісіне ADCC чемпионатының 2020-2021 жылдары Алматыда өткізуді жоспарлап отырғанын айта кетті. Оның айтуынша, Олимпиадаға пара-пар ауқымды турнирді ұйымдастыру үшін бұл спорт түрін елге таныту қажет.

«Біздің федерация Қазақстанда 2013 жылы құрылған. Алғашқыда джиу-джитсумен айналысатынардың басым бөлігі АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасымен оқитын студенттер болатын. Сол кезде турнирлерге 40-60 спортшы қатысатын. Қазіргі таңда бұл спорт түрі – балалар мен ересектер арасында қарқынды дамуда. Қазіргі таңда 600-ге жуық қатысушылар өзара мықтыны анықтайды. 90-шы жылдары UFC-ді бақ сынаған спортшылардың арасында бразилиялық джиу-джитсу әйгілі болатын, оның үздіктері жүлделі орындардың жеңімпаздары мен чемпиондары атанған. Менің ойымша, UFC турнирлерінің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған Ройс Грейси әлі де ел аузында. Ол мықты қарсыластарды физикалық күшсіз, техникамен, әдістермен ұтуға болатынын дәлелдеді. Осымен джиу-джитсу өзге спорт түрлерінен ерекшеленеді», – деп атап өтті Төлеген Құмаров.

Қыркүйекте отандастарымыз  ADCC әлем чемпионатында ел намысын қорғайтынын атап өтті.

Сонымен қатар әңгіме барысында федерация басшысы қазақстандық джитсерлер туралы қуанышты жаңалықпен бөлісті. Олар тұңғыш рет қыркүйектің 23-і мен 24-і күндері Финляндия мемлекетінде өтетін ADCC әлем чемпионатында бақ сынайды. Дүбірлі додада Османжан Қасымов (77 кг) және Мұхаммад Сүлейманов (99+ кг) ел намысын қорғайтын болады.

«ADCC әлем чемпионаты біздің спорт түрінде Олимпиадамен бірдей. Ол екі жылда бір рет ұйымдастырылады және де әр спортшы үшін өте маңызды. Мұндай бәсекеге қатысу үшін джитсер екі кезеңде жеңіске жету қажет. Біздің спортшылар іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, әлем біріншілігіне жолдама алды. Олар Қазақстан чемпионаты мен Азия және Океания біріншілігінде жеңімпаз атанып, ел мерейін үстем етті. Осы жылы Османжан Қасымов Жапонияда чемпион атанса, Мұхаммад өткен жылы Алматыда өткен Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы. Әлбетте жақсы нәтижелерге үміттенеміз. Әлем біріншілігіне қатысудың өзі – жетістік, сондай-ақ бірінші орынның ақшалай қоры 40 мың доллар. Онда тек үздіктер ғана бәстеседі.

Ақпарат көзі: Ақпаратттық және спорттық хаб

Хабар 24 телеарнасы