389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин – «Канело» жекпе-жегінің жабық көрсетілімі қанша тұрады?

  • 587
Головкин – «Канело» жекпе-жегінің жабық көрсетілімі қанша тұрады? vesti.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіне билет ала алмағандар Лас-Вегастың мәдени демалыс орталықтарындағы жабық түрдегі тікелей көрсетілім арқылы тамашалай алады.

Мысалы, олар мына жерлерден көре алады: Bellagio Resort and Casino, MGM Grand Hotel and Casino, Mandalay Bay Resort and Casino, The Mirage Hotel and Casino, Monte Carlo Resort and Casino, New York-New York Hotel and Casino, Luxor Hotel and Casino и Circus Circus Las Vegas. Құны 75 доллар.

- Жабық көрсетілім – Лас-Вегастағы мега жекпе-жекті тамашалуға арналған ең тиімді тәсіл. Ол фанаттарға тартысты атмосфера әсерін қалдырады, – деді Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя.

Айта кетейік, Головкин – «Канело» жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) «T-Mobile Arena» аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы