389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ардагерлер арасындағы футбол лигасының XII кезеңі өтті

  • 707
  • UPD: 22:20, 22.07.2017
Ардагерлер арасындағы футбол лигасының XII кезеңі өтті

Бүгін Алматыда «Зоовет» алаңында ардагерлер лигасының XII туры өтті.

40 жастан жоғары ойыншылардың арасында өткен кездесулердің ең тартысты ойыны «Арлан» мен «Тенгиз» командалары арасында өтті. Совет одағында өнер көрсетіп, шебер атанған ойыншылардан жиналған «Арлан» командасы 3:1 есебімен басым түскенімен, «Тенгиз» ойыншылары барын салды. Алайда чемпиондар өз дегендеріне жетті.

- Ойынға риза емеспін. Ал нәтижеге көңілім толды. Күннің ыстығынан болар, жоқ жерден қателіктер жіберіп, шаршап қалдық. Әрине, жас емеспіз, қиын. Бірақ дегенімізге жеттік. Біздің лигада осал командалар жоқ. Бәрі де жақсы ойнайды, – деп өз ойымен бөлісті «Арлан» командасының капитаны Асхат Қыдырқұлов.

Сонымен қатар қатысушылардың арасында көп жылдар бойы доп теппеген ойыншылар да болды. Соның бірі – «Тенгиз» командасының қақпашысы Жұмабек Сәрсенбаев.

- Үлкен алаңда доп теппегелі екі жылдан асыпты. Бүгін бірінші рет шығып, алаңға дұрыс үйрене алмадым. Алдағы уақытта «Тенгиз» командасына көмектесетін боламын. Бүгінгі ойынға қарап, жеңісті күндер әлі алда екеніне сенемін, – деді қақпашы.

Осы кездесуден бөлек, XII тур аясында келесі командалар арасында да қызықты ойын өтті.

«Тенгиз» – «Арлан» – 1:3

«Анадолу» – «Алма-Ата» – 2:3

«Локомотив» – «Таймас» – 5:1

«Легион» – «Каскелен» – 3:1

«Номад» – «Достар» – 1:1

Естеріңізге сала кетейік, әр аптанын сенбі күндері ардагерлер арасындағы лига ҚазҰАУ өтеді.

Хабар 24 телеарнасы