389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» командасы БАҚ Лига кубогының жеңімпазы атанды

  • 823
  • UPD: 22:51, 22.07.2017

Журналистер лигасына барлығы 14 топ қатысқан болатын.

Аталмыш додада «Хабар» командасы жеңіс шыңынан көрінді. Ақтық сында «Жеңіс» командасымен кездесіп, ойын есебі 7:2 болып, айқын басымдылықпен аяқталды.

Сонымен қатар «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» номинациялары «Хабар» командасының қоржынына түсті.

Айта кетейік, осыған дейін «Хабарлық» жігіттер БАҚ Лигасының екі чемпионатын қатарынан ұтқан еді.

Нұрсұлтан Құрман, «Хабар» командасының капитаны:

- Ең бастысы – ойынға деген адалдық, жігер, қайрат. Осы үш фактор біздің команданың бойынан табыла білді. Осының арқасында біз соңғы секундтарда гол салдық. Пенальтидан жеңіп жаттық. Әрине, барлық командалар мықты болды. Биыл 14 команда қатысты. Барлығы дерлік осал емес. Былтыр бірінші рет болғаннан кейін қызығушылық, жігердің арқасында жеңсек, биыл тәжірибенің арқасында жеңдік деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы