389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қожамбердиев кәсіпқой боксты жеңіспен бастады

  • 539
  • UPD: 15:43, 24.07.2017
Қожамбердиев кәсіпқой боксты жеңіспен бастады profiboxing.kz

Бүгін Шарлоттада (АҚШ) қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін өткізді.

Ол екінші орта салмақта америкалық Кавариус Хаскинспен жұдырықтасқан. Кездесу 4 раундтан тұрды. Бірақ алғашқы үш минуттық та аяқталып үлгерген жоқ. Еділ қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Қожамбердиев Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсахановтың шәкірті.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы