384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралатынын хабарлады

  • 790
  • UPD: 09:58, 25.07.2017
Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралатынын хабарлады Фото: Today.kz

Елеусінов Ұлттық құрамаға қыркүйек айында қосылады.

Бұл туралы 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Vesti.kz порталына берген сұқбатында айтқан.

«Иә. Бұл шындық. Мен Ұлттық құрамаға қайта ораламын. Жуақ арада. Әлем чемпионатына қатыспаймын. Сондықтан да әлем чемпионатынын кейін қосылатын шығармын», – дейді Олимпиада чемпионы.

Еске салайық, осы жылдың қаңтар айында Данияр Елеусінов пен Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысқаны хабарланған еді. Олар австарлиялық компаниямен келісімшартқа да отырды. Бірақ кейінн Майк Алматураның компаниясы өзіне артылған міндетті атқармай, боксшыларымыз келісімшартты үзді. Сөйтіп Дычко америкалық The Heavyweight Factory компаниясымен келісімшарт жасаса, Данияр қайта әуесқой боксқа келіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы