385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Поляктар «Астана» футбол командасын осал деп санамайтынын мәлімдеді

  • 933
  • UPD: 08:19, 26.07.2017
Поляктар «Астана» футбол командасын осал деп санамайтынын мәлімдеді http://sport.interia.pl/ Доп теуіп бара жатқан Легия ФК ойыншысы

Польша футбол одағының спорт директоры (PZPN) Стефан Маевски «Легия» мен «Астана» арасында Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу турында өтетін матчқа қатысты ойын білдірді:

««Астана» командасы өз алаңында осымен нешінші рет ұтылмай келе жатқанын айтсаңызшы! Сол себепті оны жете бағаламауға болмайды. Ал «Легия» болса, өз бабына енді ғана келе жатыр. Астанада қайткенде де жақсы өнер көрсетуге тырысуымыз керек — бұл бізге қарымта қайтаруға жол ашады. Бұл матчта ең бастысы — гол салғызбау, өзіміз қарсылас қақпасына доп соқсақ тіпті жақсы болады. Бірақ тең түссек те біз үшін жаман болмас еді. «Легия» Қазақстандағы климатқа үйренісуі керек, себебі ұзақ жол, жасанды газон және өзге де жәйттер кедергі болуы мүмкін. Жасанды футбол алаңына қарамастан, команда матчта жеңіп шығуы керек».  

Естеріңізге сала кетсек, «Легия» мен «Астана» арасындағы кездесу 26 шілде күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Дереккөз: Interia.pl

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы