386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық спортшы Конор МакГрегор болып жасанып, америкалықтарды алдады

  • 572
  • UPD: 11:42, 26.07.2017

Қазақстандық спортшы Ислам Бадургов UFC файтері Конор МакГрегор болып жасанып, Лос-Анджелес тұрғындарын алдап соқты.

Ислам Бадурговтың командасы ұйымдастырған пранк Конор МакГрегор мен Флойд Мейвезердің алдағы жекпе-жегіне орай түсіріліпті. Қазақстандық бетіне грим жасап, шаш үлгісін өзгерткен. Ол Bentley кабриолетімен Лос-Анджелес көшелерінде жүріп, жұртты таңғалдырды.

Адамдар пранкермен суретке түсіп, шын көңілімен қуанған. Сосын Бадургов ирландиялық жиі келетін Родео-драйв көшесіне барып, жанына көптеген адам жинап, суретке түседі. Қазіргі таңда видеохостинг пен әлеуметтік желілерде көптеп қаралым жинап жатыр.

Ал Ислам Бадурговтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бұл материалдың 50 мыңнан аса қаралым жинағанын атап өтті.

«Мұның алдындағы пранк 40 млн рет қаралды. Көбі мені Конорға ұқсайсың деп жатты. Сондықтан осы жолы пранк өздігінен шыға келді. Лос-Анджелесте, тіпті UFC әлемінде шу шығарды. Конор, сен ұлы файтерсің, көптеген адамға шабыт сыйлайсың, сондықтан бұл пранкты Флойд Мейвезермен алдағы жекпе-жегіңе арнаймыз. Ал сенің жеңіске жететініңе күмәніміз жоқ», деп жазды спортшы.

Айта кетейік, МакГрегор мен Мейвезер арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары: «Кездесуден 100 млн доллар табамыз», – деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы