387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық еркін күрес шебері Сурдлимпиада ойындарында қола медаль иеленді

  • 1215
  • UPD: 17:43, 26.07.2017
Қазақстандық еркін күрес шебері Сурдлимпиада ойындарында қола медаль иеленді

Қазақстандық еркін күрес шебері Түркияда өтіп жатқан сурдлимпиадалық ойындарда қола медальді жеңіп алды.

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Асылжан Тәжиев алғашқы кездесуде белорусь спортшысын жеңіп, екінші жекпе-жегінде украиналық спортшыға есе жіберіп алды. Қола медаль үшін орын алған кездесуде қырғызстандық спортшыны жеңді.

Айта кетейік, 18 шілдеде Түркияның Самсун қаласында XXIII Сурдлимпиадалық ойындары басталған болатын. Төртжылдықтың басты жарысына əлемнің 100 мемлекетінен келген есту қабілеті төмен 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстандық құраманы 50 спортшы бастап барды. Олар спорттың 9 түрі бойынша өнер көрсетеді. Олардың қатарында еркін жəне грек-рим күресі, жеңіл атлетика, жүзу, таеквондо, каратэ, дзюдо, үстел теннисі жəне спорттық бағдарлау бар. Сурдлимпиада ойындары 30 шілдеде аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы