389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЧЛ: «Астана» командасы Варшавада жауапты матч өткізеді

  • 476
  • UPD: 17:39, 01.08.2017
ЧЛ: «Астана» командасы Варшавада жауапты матч өткізеді

Қазақстанның чемпионы «Астана» командасы ертең чемпиондар лигасының жауапты матчын өткізеді.

Польша астанасы Варшавада өтетін ойынға қарсылас команда «Легия» тыңғылықты дайындалып жатыр. Себебі олар елордада өткен кездесуде 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді қарымта қайтарудың ретін қарастырмақ. Осыған орай «Легия» командасы ашық жаттығу өткізіп, жанкүйерлерге жеңіске жетеміз деп уәде берді. Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің ойыны Астана уақытымен ертең сағат 00:45-те басталады.

Хабар 24 телеарнасы