Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


EXPO-2017 көрме аясында өтетін «Кəсіпқой бокс кешіне» билеттер сатылымға шықты

  • 923
  • UPD: 11:26, 02.08.2017
EXPO-2017 көрме аясында өтетін «Кəсіпқой бокс кешіне» билеттер сатылымға шықты

9-қыркүйекте сағат 18:00-де Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында өтетін «Кəсіпқой бокс кешіне» билеттер бүгін сатылымға шықты.

Осы шараның басты оқиғасы – ешкімнен жеңілмеген қос кəсіпқой боксшылардың жекпе-жегі болмақ. Қазақстандық Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукке қарсы бəсекеде өзіне тиесілі WBA Inter-Continental жəне WBA-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атағын қорғайды.

Сондай-ақ осы кеште көрермендер Жанқош Тұраров, Жəнібек Əлімханұлы, Али Ахмедов, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов жəне Нұрсұлтан Жанайбаев сынды мықты боксшыларының өнерін тамашалай алады. Олардың қарсыластары да түрлі мемлекеттерден келген рейтингі жоғары шеберлер.

Хабар 24 телеарнасы