389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Комментатор: Кук Қанат Исламмен өтетін жекпе-жекте бар күшін салады

  • 592
  • UPD: 09:13, 08.08.2017
Комментатор: Кук Қанат Исламмен өтетін жекпе-жекте бар күшін салады xalhar news

Латын америкалық спорт тілшісі әрі комментатор Армандо Мендоза Vesti.kz порталының тілшісіне канадалық боксшы Брэндон Куктың (18-0, 11 КО) қазақстандық боксшы Қанат Исламнан (24-0, 19 КО) мықты тұстарын атап өтті.

Бұл кездесу 9 қыркүйек күні елодамыз Астана қаласындағы «Сарыарқа» спорт кешенінде өтеді. Бокс кешінде Қанат Ислам мен Брэндон Куктан баста тағы сегіз жұп шаршы алаңға шығады.

«Менің ойымша, бұл кездесуде жақсы дайындалған және жекпе-жек кезінде өзін толық көрсете білген боксшы жеңіске жетеді. Куктың қазіргі жағдайы көңіл қуантпайды. Ол тіпті дайындығын дұрыс өткізу үшін жейделерін сатып жатыр.

Ал Қанат Ислам болса, әлемде мойындалған бокс. Куктың есімі көпшілікке таныс емес. Канадалық боксшының көрсеткіші керемет. Дегенмен ол бұған дейін мықты боксшылармен әлі де кездесіп көрген жоқ. Егер ол Қанат Исламды нокаутқа түсіретін болса, оны да әлем мойындай бастайды. Бірақ шынын айту керек, алдағы кездесу Кук үшін қиын болады. Тіпті Кук бұл кездесуге өзінің болашағын да тігіп отыр десек болады. Бұл фактордың өзі канадалық боксшыны аутсайдер деп айтуға негіз қалдырмайды. Жекпе-жекті күтіп, қорытындысын қарағанымыз дұрыс болар», – дейді Мендоза.

Бұл кездесуде дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Қанат Ислам 4 тамыз күні Астана қаласына келген болатын. Елордамызда ол 20 тамыз күні жанкүйерлеріне ашық жаттығу жұмыстарын өткізеді. Жаттығудың өтетін уақыты мен жерін алдағы уақытта белгілі болады.

Айта кетейік, өткен аптада Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында өтетін жекпе-жек кешінің билеттері сатылымға шықты. Жекпе-жектің ең арзан билеттері 2 000 теңге тұрса, ең қымбат билеттер 10 000 теңге.

Хабар 24 телеарнасы