383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Илиан Илиев – «Ертістің» бапкерлігіне басты үміткер

  • 499
  • UPD: 12:07, 11.08.2017
Илиан Илиев – «Ертістің» бапкерлігіне басты үміткер vesti.kz

Бұл маманды Димитар Димитров ұсынып кеткен екен.

Болгариялық маман Илиан Илиев «Ертіс» командасының бапкерлігіне басты кандидат болып отыр.

10 тамызда «Ертіс» басшылығы 2015 жылдан бері команданы жаттықтырып келген болгарлық Димитар Димитровтың қызметінен босағаны туралы мәлімдеді. Былтыр осы бапкердің басшылығымен команда Қазақстан Премьер-лигасының қола жүлдесіне қол жеткізген, ал осы жазда Еуропа лигасының бір раундына өткен.

Vesti.kz мәліметі бойынша, Димитров жақын арада бірнеше жыл қатарынан Болгария чемпионатын ұтып келе жатқан «Лудогорецті» жаттықтыратын болады.

«Ертіс» басшылығымен соңғы рет сөйлескен кезде Димитров өз орнына Илиевті ұсынған. Қазіргі кезде екі тарап келіссөздер өткізіп жатыр.

49 жастағы Илиев 1986-2004 жылдар аралығында өз елінің «Черно Море», «Левски» және «Славия» клубтарында, Түркияда – «Алтай» мен «Бурсаспор», Португалияда – «Бенфика», «Маритиму» және «Салгейруш» үшін ойнаған. 1998 жылы Болгария құрамасының сапында жартылай қорғаушы болған.

Илиев футболдағы жолын бапкер ретінде жалғастырып, «Черно Море», «Берое», «Левски» және пловдивтік «Локомотивті», ал 2014-2015 жылдары анголиялық «Интерклубты» жаттықтырған.

2017 жылы Илиев қазақстандық «Алтайдың» бас бапкері болды, алайда, өскемендік клуб ҚПЛ-ге өте алмай қалып, Илиев отанына қайтып, «Вереяны» жаттықтырды. Кейін ол өз командасына қазақстандық Еркебұлан Нұрғалиевті шақырды.

Қазіргі кезде «Ертістің» бас бапкерінің міндетін атқарушы ретінде Срегей Климов тағайындалған. Ол павлодарлық клубта 2011 жылдан бері істеп келеді.

Хабар 24 телеарнасы