386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанқош Тұраров Астанада өтетін жекпе-жегіне арнайы ән жаздырды

  • 583
  • UPD: 23:15, 10.08.2017
Жанқош Тұраров Астанада өтетін жекпе-жегіне арнайы ән жаздырды vesti.kz

Астанада отандасымыз аргентинкалық боксшымен жұдырықтасады.

9 қыркүйек күні Астана қаласында үлкен бокс кеші өтетіні көпшілікке мәлім. Бұл бокс кешінде шаршы алаңға шығатын отандасымыз Жанқош Тұраров көрермендеріне жақсы әсер қалдыру үшін тынбай дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz порталы.

Астанадағы бокс кешіне арнап Тұраров арнайы ән жаздырыпты. Енді «Сарыарқа» велотрегінде өтетін бокс кешінде батырымыз Жалын Ғалымның жазған «QAZAQ» деген әнімен шаршы алаң төріне көтеріледі.

Боксшының жанкүйерлер үшін арнайы жасап отырған басқа да сыйлықтары бар. Мысалы ол өз брэндінің атымен спорттық киімдер шығарыпты. Жақын күндері ол сатылымға шығады.

Сонымен қатар елордадағы бокс кешінде арнайы шапан жасатып жатыр екен. Қазақстың ұлттық киімін еліміздегі ең беделді дизайнерлердің бірі жасауда.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров кәсіпқой бокста 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 15 кездесуінде отандасымыз қарсыласын нокаутқа түсірген. Ал Астана төрінде 27 жастағы отандасымыз аргентиналық былғары қолғап шебері Бруно Леонардо Ромэ күш сынасады.

Хабар 24 телеарнасы