386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда «Теңіз кубогы-2017» сайысы аяқталды

  • 535
  • UPD: 21:29, 11.08.2017

Қазақстан теңізшілері Әзербайжанда өткен «Теңіз кубогы-2017» сайысында үшінші орынды иеленді.

Бірінші орынды әзербайжандықтар мен ресейліктер бөліссе, екінші орынға ирандықтар тұрақтады. Сайысты ұйымдастырушылар соңғы баспасөз конференциясында әскерилердің артиллериялық атыс, кеме өміршеңдігі және жеке құрамды құтқару сияқты доданың барлық үш кезеңін сәтті орындағанын атап өтті. Биатлон 10 күнге созылды. Салтанатты рәсім концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ермек Байғабұлов, бірінші дәрежелі капитан /Қазақстан/:

- Жарыс әділ әрі достық жағдайында өтті. Сайыс кезінде ешбір команданың жеке құрамы жарақат алып, техникасы істен шыққан жоқ. Барлығы қалыпты жағдайда жұмыс істеді.

Хабар 24 телеарнасы