389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Селтик» «Астананың» алдында тағы бір матчты жеңіп алды

  • 511
«Селтик» «Астананың» алдында тағы бір матчты жеңіп алды Vesuvio Live

«Селтик» Шотландия чемпионатының 2-турында «Партик Тисл» командасын жеңді.

Глазгодағы «Фирхилл» стадионында өткен ойын қонақтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 25-минутта «Селтик» ойыншысы Оливье Нтчам соқты.

Естеріңізге сала кетсек, «Селтик» келесі кездесуін 16 тамызда өз алаңында елордалық «Астанаға» қарсы өткізеді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы