378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда самбодан халықаралық турнир өтті

  • 764
  • UPD: 12:57, 19.08.2017

Оралда халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО чемпионы және Әлем Кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған халықаралық турнир мәреге  жетті.

Самбо және  әскери самбо сайысына Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасы және еліміздің бірнеше облысынан 23 жасқа дейінгі 150 спортшы қатысты. Жекелей сында 52 келіде күрескен оралдық Армат Қабдолов бәрінен басым түсті. 62 келіде ақтөбелік Жеңіс Қалабай жеңіске жетсе, 74 келі салмақ бойынша шығысқазақстандық Төлеген Нұрғалиевтің бағы жанды. 82 келіде  Атыраулық Дәурен Болатбекұлы, 90 келіде  ақтөбелік Еламан Қойшыбаев, ал 100 келі салмақта оралдық Темірлан Көлбай секілді спортшылардың мерейі үстем болды. Алтыннан алқа таққан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Ал оралдық спортшы Ерасыл Бақыт жүлдеге тігілген сәйгүлікті олжалады.

Ерболат Байбатыров, Самбо күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:

- «Ер есімі – ел есінде» дейді. Осындай турнир арқылы артымызда өсіп келе жатқан інілеріміз, жас спортшылар әлемдік деңгейге шығуға үлкен мүмкіндік алып отыр. 2000 жылы еске алуға арналған  ең бірінші турда екінші орын алдым. Ең бірінші жеңісім сол болатын.

Хабар 24 телеарнасы