388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақиянов Барнетке қарсы өтетін кездесуге дайындығын бастады

  • 579
  • UPD: 12:44, 22.08.2017
Жақиянов Барнетке қарсы өтетін кездесуге дайындығын бастады

Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов ирландиялық Райан Барнетке қарсы өтетін кездесуге дайындығын бастады.

Отандасымыз алдағы кездесуіне Англияның Манчестер қаласының маңында орналасқан Рикки Хаттонның залында осы маманның қол астында дайындалып жатыр. Жақияновпен бірге, британдық Марк Хеффрон (17-0, 13 КО) да дайындалуда. Ол отандасымыздың спарринг қарсыласы болып жүр екен.

Жақиянов келесі 21 қазан күні Белфаст (Солтүстік Ирландия) қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өткізеді. Оның қарсыласы – IBF белбеуінің иегері Райан Барнетт. Ирландиялық боксшы кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 9 рет ол қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Жақиянов болса 27 кездесу өткізіп, тек бір жекпе-жекте жеңілістің кермек дәмін татқан. Соңғы рет отандасымыз шаршы алаңға 11 ақпан күні Толедо (АҚШ) қаласында шығып, америкалық Роуши Уорреннен үстем түсіп, жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO белбеулерін жеңіп алды. Бірақ кейіннен Жақиянов IBO белбеуінен бас тартты, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы