385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдар Қазов Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтынын салды

  • 694
  • UPD: 17:29, 22.08.2017
<span class=favorites>Айдар Қазов Қазақстан қоржынына Универсиаданың екінші алтынын салды</span> Vesti.kz

Қазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов жазғы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасына тағы бір алтын әкелді.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Бұл Қазақстан құрамасының төртінші жүлдесі.

Отандасымыз 77 келі салмақта сынға түсіп, үздік шықты. Ол жұлқа көтеру сайысын үшінші орынмен аяқтаған болатын. Бірінші жаттығуда ол 145 келіні бағындырды.

Серпе көтеру сайысында Қазов қарсыласын шақ келтірмеді. Ол өзінің үшінші мүмкіндігінде 186 келіні еңсеріп, чемпион атанды.

Айта кетейік, бұл Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының жеңіп отырған төртінші жүлдесі. Бұған дейін ауыр атлетикадан сынға түскен Альберт Линдер алтын жүлде алса, Арли Чонтей қоланы қанағат қылды. Ал жүзгіш Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жарыста қола жүлде жеңіп алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы