385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бекәділ Шаймерденов – Универсиаданың қола жүлдегері

  • 613
  • UPD: 11:58, 23.08.2017
<span class=favorites>Бекәділ Шаймерденов – Универсиаданың қола жүлдегері</span> vesti.kz

Осылайша Қазақстан командалық есепте оныншы орынға көтерілді.

Қазақстандық дзюдошы Бекәділ Шаймерденов Тайпэйде өтіп жатқан жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанды.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

73 келі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Тунистен келген Ред Бугерудан айласын асырып, қола жүлде жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында жеңіп алған бесінші жүлдесі. Бұған дейін ауыр атлеттер Альбер Линдер мен Айдар Қазов алтын жүлде алса, Арли Чонтей және жүзгіш Дмитрий Баландин қола медаль жеңіп алған болатын.

5 жүлдемен Қазақстан құрамасы командалық есепте оныншы орында келеді. Көш басында 25 жүлде (10 алтын, 5 күміс және 15 қола) жүлдесі бар Корея құрамасы. Екінші орында 21 жүлдесі (7+11+1) Қытайлық Тайпэй тұрса, үздік үштікті Жапония құрамасы түйіндеп тұр. Күншығыс елінің спортшылары 19 медаль (6+4+9) жеңіп алған.

Хабар 24 телеарнасы