378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада өтетін халықаралық марафонға шетелден 1000 адам келеді

  • 468
  • UPD: 11:29, 23.08.2017

27 тамыз күні елордада өтетін халықаралық марафонға дайындық ретінде отандық спорт майталмандарының қатысуымен арнайы флешмоб ұйымдастырылды.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес шарасына 4 мың қазақстандық қатысады. «Ал шетелден 1000 адам келеді», дейді ұйымдастырушылар. Олар үш түрлі қашықтықта жүгіріп, бақтарын сынайды. Алғашқысы 2017 метрді құраса, әуесқойлар үшін 10 шақырым белгіленді. Толық марафон жолының ұзындығы 42 шақырымды құрайды. Тіркеу жұмыстары арнайы сайтта 15 шілдеден бастап жүргізіліп келеді. Еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Марафонға барша спорт сүйер қауым қатысуы қажет» дейді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі

Бұл марафонға шетелден көп қызығушылық бар. Сонымен қатар біздің отандастарымыз да жақсы дайындалып жатыр. Марафонды әлемдегі алдыңғы қатарлы БАҚ көрсетпекші. Біздің Астанамыздың көрікті жерлерін осы марафон арқылы көрсетуіміз керек.

Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы:

– Біз спортшы болғаннан кейін, салауатты өмір салтын қолдаймыз. Еліміздің болашағы – біздей дені сау ұрпақ. Сондықтан да спортпен айналысу керек.

Хабар 24 телеарнасы