388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өтетін жекпе-жекте өнер көрсететін Арман Оспановтың қарсыласы анықталды

  • 630
  • UPD: 22:31, 22.08.2017
Алматыда өтетін жекпе-жекте өнер көрсететін Арман Оспановтың қарсыласы анықталды vesti.kz

Отандасымыз бразилиялық спортшымен кездеседі.

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыда өтетін Ресейдің танымал Absolute Championsip Berkut турнирінде кіммен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды.

9 қыркүйек күні «Алматы Аренада» өтетін жекпе-жек кешінде отандасымыз бразилиялық Тьяго Луис Бонифасиомен кездесетін болды. Рио-де-Жанейро қаласында дүниеге келген бразилиялық спортшы Shooto Brasil ұйымының чемпионы.

Бонифасио соңғы жекпе-жегін 28 мамырда өткізді. Сол кезде Филиппе Жезушты қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері.

Арман Оспанов болса ережесіз жекпе-жекте 8 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы кездесуін отандасымыз 2017 жылдың 20 мамырында ACB турнирінде өткізіп, жапон жігіті Тайчи Накаяманы нокаутпен жеңді.

Айта кетейік, бұл кездесуі үшін Оспанов 100 мың доллар көлемінде сыйақы алса, оның қарсыласы 30-50 мың доллар көлемінде алады.

АСВ-69 турнирінде жалпы 12 жұп өнер көрсетеді. Сегізбұрышқа шығатын спортшылардың ішінде 7 қазақстандық жекпе-жек спортының шеберлері бар. Олар: Асылжан Бақытжанұлы, Асу Алмабаев, Қаршыға Дәуітбек, Евгений Егембердиев, Бақытжан Несіпбек.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы