387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арман Оспановтың рейтингі көтерілді

  • 599
  • UPD: 20:01, 26.08.2017
Арман Оспановтың рейтингі көтерілді qsport.kz

Ережесіз жекпе-жекте өнер көрсететін Қазақстандағы ең мықты файтерлердің бірі Арман «Сұңқар» Оспановтың рейтингі көтерілді.

ACB тұжырымда жеңіл салмақта (66кг) өнер көрсететін отандасымыз жаңартылған рейтингте бір сатыға көтерілген. 19 тамыз күні «Сұңқардың» салмағындағы Юсуф Раисов пен Луис Паламино Грозный қаласында өткен ACB-67 турнирінде арасында уақытша чемпиондыққа таласқан болатын. Сол кездесуден осы салмақтың рейтингі төмендегідей жаңарған:

Марат Балаев – чемпион.

1. Юсуф Раисов;

2. Мухамедов Коков;

3. Адлан Батаев;

4. Александр Педусон;

5. Луис Паламино;

6. Арман Оспанов;

7. Акоп Степанян;

8. Алексей Полпудников.

Айта кетейік, Арман Оспанов өзінің осы ұйымдағы алғашқы кездесуінде жапондық Тайжи Накажиманы айналып теуіп, нокаутқа жіберген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, «Сұңқар» бастаған жекпе-жек майталмандары 9 қыркүйек күні «Алматы Аренда» ACB-69 турнирінде өнер көрсетеді.

Ақпарат көзі: Qsport.kz 

Хабар 24 телеарнасы