386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дзюдодан әлем чемпионатында Галбадрах Отгонцецэг жартылай финалға шықты

  • 570
  • UPD: 19:03, 28.08.2017
Дзюдодан әлем чемпионатында Галбадрах Отгонцецэг жартылай финалға шықты Vesti.kz

Бүгін Будапеште дзюдодан әлем чемпионаты басталды.

Будепештегі әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына Отгонцецэг Галбадрах олжа салуы мүмкін. 48 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуанымыз жартылай финалға шықты. Іріктеуде ол италиялық Франческа Милани, украиналық Дарья Белодед, ширек финалда израильдік Ноа Минскерден үстем болды. Жартылай финалда Галбадрах жапон қызы Фуна Тонакимен кездеседі.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Ал Елдос Сметов ширек финалда сүрінді.

2015 жылы әлем чемпионы атанған отандасымыз әлем біріншілігінің бірінші айналымында Мозамбик елінің дзюдошысы Неусо Сигокадан айласын асырса, екінші айналымда бразилиялық Эрик Такабатакеден басым түсті. Үшінші айналымда Сметов ирандық Мохаммад Рашнонеждданан үстем түскен еді. Бірақ ширек финалда отандасымыз сүрінді.

Ерлер арасындағы 60 келіге дейінгі салмақта әлем біріншілігінде бағын сынап жатқан тағы бір отандасымыз Ғұсман Қырғызбаевта ширек финалдан аса алмады. Ол чех жігіті Павел Петриковтан ұтылды. Енді 2 дзюдошымыз жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы