386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Астана марафонына бүкіл әлемнен желаяқтар қатысады

  • 501
  • UPD: 23:44, 12.09.2017

Биылғы Астана марафоны 17 қыркүйекте  өтеді. ЕХРО маңынан бастау алатын шараға қатысушылар да анықталды. Еліміздің 22 қаласынан және әлемнің 16 елінен спортшылар келмек. Кениялық желаяқтар да Астанаға келуге ниетті.

Әлем рекордын жаңартуға құлшынғандары да бар. Мысалы, Саймон Кипругут Кируй 42,2 шақырымды 2 сағат 10 минуттың ішінде өтуді жоспарлап отыр. Астана марафонына қатысушылардың алды 72-де. Былтыр төрт жарым мың адам жарыс жолына шықан еді, биыл одан кем түспейтін сияқты.

Берік Мыржықпаев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Регистрациядан өткендері 42 километрге 485 адам ресми түрде өтті. 21 километрге 755 адам, регистрациядан өткен, 10 километрге регистрация әлі ашық. Бірақ бүгінгі 13.15 ке 3143 адам регистрациядан өтті. Содан кейін жаңа айтып жатырмыз ғой, енді. Еліміздің және шет елдің ең мықты спортшылары марафонистер енді қатысуға дайын, бірақ мен айта кетуге тиіспін. Олар айтып жатыр ғой енді рекорд қоямыз деп, оның қалай болатынын кім біледі?

Хабар 24 телеарнасы