382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» маусымды сәтті бастады

  • 467
  • UPD: 17:38, 15.09.2017

Сегіз ойыннан кейін 19 ұпай жинаған Астананың командасы Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында топ басында келеді.

Бүгін «Барыс» «Сібірмен» айдынға шығады. Елордалық хоккейшілер бұл командамен «Барыс Аренада» екі кездесу өткізеді. Қарымта матч жексенбіге жоспарланған. «Сібір» қазір Шығыс конференциясында тоғызыншы орында тұр. Бұл кездесуде «Барыс» қорғаушысы Александр Липин айдынға шыға алмайды.

Хабар 24 телеарнасы