389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жанат Жақиянов GGG-ға қолдау көрсетуге шақырды

  • 524
  • UPD: 22:04, 16.09.2017
Жанат Жақиянов GGG-ға қолдау көрсетуге шақырды http://qsport.kz

Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері, қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) Головкин – «Канело» арасындағы жекпе-жекте отандасымызды қолдауға шақырды.

Әлем асыға күткен GGG мен Альварес арасындағы жекпе-жекте Жанат Жақиянов отандасымызға қолдау көрсетті. Бұл туралы Жанат өзінің инстаграмдағы ресми парақшасында жариялады. Ол өз сөзінде: «Достар! Головкинге қолдау көрсетейік. Жылдам әрі жойқын соққы жасасын», – деді Жақиянов.

Ақпарат көзі: qsport.kz

Хабар 24 телеарнасы