384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда джиу-джитсудан 200-ге жуық спортшы өзара мықтыларды анықтады

  • 422
  • UPD: 09:47, 19.09.2017

Алматыда джиу-джитсу спортының «сабмишн файтинг» түрінен халықаралық турнир өтті.

Ресей мен Қырғызстаннан және еліміздің барлық аймағынан келген 200-ге жуық спортшы екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыстың бірінші күні жасөспірімдер шеберлігін паш етті. Ережеге сәйкес қыздар-жігіттер болып бөлінбейді. Салмағы сай келіп жатса, сайысқа түсуге міндетті. 8 жасар Жібек Құлымбетованың ептілігіне мамандар тәнті болды. Қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен ұтқан Жібек жеңімпаз деп танылды. Сондай-ақ Қуаныш Айсен, Алдияр Серік, Мадияр Жұмабаев, Рустам Нұрмұхамбетов пен Тимур Кисляковтар да бас жүлдені қанжығасына байлады.   

Төлеген Құмаров, ҚР Джиу-джитсу және грэпплинг федерациясының президенті: 

-  Ережесіз жекпе-жектен әлемдік жарыстарда олжа салып жүрген жігіттердің көбі джиу-джитсуды меңгерген спортшылар. Біздің елімізде де джиу-джитсу спорт түрін енді біле бастады. Жақында жігіттеріміз Финляндияда өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ал 2021 жылғы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізсек деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы