365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда спорттық акробатикадан Азия біріншілігі аяқталды

  • 280
  • UPD: 10:12, 21.09.2017

Құрлықтың бірнеше елінен келген 144 спортшы үш күн бойы тер төгіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Азия чемпионаты біздің елде осымен бесінші рет өтіп отыр. «Қазақстанда спорттық акробатиканы дамытып, спортшылар мен бапкерлердің шеберлігін шыңдау мақсатында өткізілген жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды», – дейді мамандар. Бұл бәсекеде жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы топ жарса, Өзбекстан екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Қытай акробаттары түйіндеді. Мамандар жасөспірімдер арасында чемпион атанған жерлестеріміз Александра Рудакова мен Дамира Талғаттың болашағынан зор үміт күтеді. Сондай-ақ байрақты бәсекеге бірінші рет қатысып отырған Жәния Рымтаева мен Ксения Хибук жұбы да өз шеберлігімен көпті тәнті етті.

Жәния Рымтаева, жарысқа қатысушы:

- Мен алты жасымнан спорттық акробатикамен айналысамын. Бірақ Азия чемпионатына бірінші рет қатысып отырмын. Аздап қобалжу болды. Тәжірибенің аздығынан болар деп ойлаймын. Ксения екеуіміз жүлдеге бір табан жетпей қалдық. Кеткен қателіктерден қорытынды шығарып, алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көрінуге тырысамыз.

Осы категория бойынша: « Румыния футболшыларына қарсы ойнайтын Қазақстан футболшылары анықталды V Азия ойындары: Қазақстан құрамасы төртінші орында »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы