384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


V Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралады

  • 627
  • UPD: 13:02, 24.09.2017
V Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралады

24 қыркүйекте Астана уақытымен сағат ‪23:35 Алматы қаласының халықаралық әуежайына Ашхабад-Алматы рейсімен жабық алаңда өтіп жатқан V Азия ойындарының жеңімпаздары мен қатысушылары келеді.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Олар Айбек Нұғымаров +90 кг, Әділжан Ыстыбаев - 90 кг, Қасымхан Түленбай -70 кг және қазақ күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Ерлан Естек, Алматы қаласының қазақ күресінен бас бапкері Бауыржан Тәліп.

Естеріңізге сала кетсек, қазақ палуандары Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті. 91 келіден жоғары салмақта Айбек Нұғымаров финалдық кездесуде қырғызстандық Тілек Куваловты жеңсе, алматылық палуан Қасымхан Түленбай 70 келі дейін салмақ дәрежесінде түрікменстандық Исанмұрат Атаевтан тізе бүктіріп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Сонымен қатар 90 келі салмақта Әділжан Ыстыбаевте жүлдесіз қалмады, ол қола жүлдеге таласта, ирандық Али Мехдизадахты ұтты.

Хабар 24 телеарнасы