384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: «Ертіс» «Ордабасыдан» тоғыз ұпайға қалып келеді

  • 412
  • UPD: 18:17, 25.09.2017

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 28-турында «Астана» 2:0 есебімен «Тараздан» басым түссе, елордалық команданы өкшелеп келе жатқан «Қайрат» дәл осындай нәтижемен «Тобылдың» осал тұсын тапты.

«Ақтөбе» өз алаңында «Қайсардан» ұтылып қалды. «Атырау» «Оқжетпесті» жеңді. Есеп – 2:1. Бұл нәтиже «Ақжайық» пен «Шахтер» арасында тіркеліп, Қарағанды командасы жеңіске жетті.

Ел чемпионатында үшінші орынға талас қыза түсті. Қола жүлдеден «Ордабасы» мен «Ертіс» үмітті. Екі команда 28-турда Шымкентте кездесті. Матчтың 32-минутында «Ертіс» ойыншысы Фофана Беко Исмаел есеп ашып, үзілістен кейін «Ордабасы» қақпасына екінші добын соқты. Алаң иелері жалғыз доппен жауап қатты. Қорытынды есеп1:2. «Ертіс» «Ордабасыдан» тоғыз ұпайға қалып келеді.

Хабар 24 телеарнасы