389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасы: Еуропаның үздік клубтары өзара мықтыны анықтайды

  • 486
  • UPD: 18:13, 27.09.2017

Бүгін Чемпиондар лигасының екінші турында 8 кездесу өтеді.

ПСЖ «Баварияны» қабылдаса, «Атлетико» «Челсимен» шеберлік байқасады. «Барселона» «Спортингке» қонаққа барды. «Ювентус» «Олимпиакоспен» алаңға шығады. Қызықты кездесудің бірі мәскеулік ЦСКА мен «Манчестер Юнайтед» арасында өтеді. Ресей армияшылары алғашқы турда «Бенфикадан» басым түскен еді. Енді ағылшындық команданың осал тұсын іздейді. ЦСКА сапында қорғаушы Марио Фернандестің жағдайы белгісіз. «Манчестер Юнайтед» Погба, Феллайни мен Кэррикке сенім арта алмайды. Бас бапкері Жозе Моуриньо Ресейге бұған дейін «Реал», «Интер» және «Челси» командаларымен келгенін тілге тиек етіп, содан бері ЦСКА-ның мықты ұжымға айналғанын атап өтті. Бұл топтағы екінші ойында «Базель» «Бенфиканы» қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы