384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook футболдан Англия біріншілігін тікелей эфирде көрсетуі мүмкін

  • 434
  • UPD: 23:22, 05.10.2017
Facebook футболдан Англия біріншілігін тікелей эфирде көрсетуі мүмкін

Facebook әлеуметтік желісі келер жылдан бастап футболдан ағылшын біріншілігін тікелей эфирде көрсетуі мүмкін.

Бұл туралы компанияның спорт департементінің басшысы Дэн Рид айтты.

«Біз ағылшын премьер-лигасының басшыларымен жақсы қарым-қатынастамыз. Бірақ бұл сұраққа қазір нақты жауап бере алмаймын. Дегенмен де біз алдағы жылы АПЛ-ді көрсетуіміз мүмкін.

2018 жылы Англия премьер-лигасының 3 жылдық көрсетілімі аукционға қойлады. 2015 жылы ол 7,8 млрд долларға Sky және BT Sport  компанияларына сатылды. Қазір біз бұл сұрақты қарастырып жатырмыз», – дейді Рид. 

Айта кетейік, Facebook АҚШ-тың бейсбол және футбол лигаларының көрсетілімін сатып алған еді. 2017 жылдың ақпан айынан бері бұл әлеуметтік желі жалпы 3500-ден астам спорттық трансляцияны тікелей эфирде көрсетті, деп жазады kaz.vesti.kz.

Хабар 24 телеарнасы