384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Велотректен Әлем кубогына қатысатын құрам жасақталды

  • 502
  • UPD: 18:37, 10.10.2017

Астанада велотректен Қазақстан біріншілігі аяқталды.

Еліміздің әр аймағынан жиналған 180-ге жуық спортшы бір апта бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Роман Василенков, Павел Воржев және Артем Захаров ел чемпионы атанды. Сонымен қатар елордадағы олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері де жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс қорытындысы бойынша құрлықтық және әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жасақталды. Бұл біріншіліктің тағы бір ерекшелігі, жеңіске жеткен спортшылар халықаралық рейтингте ұпай алды.

Марат Сатыбалдиев, ҚР Велоспорт федерациясы президентінің кеңесшісі: 

- Астана мен Алматыны айтпағанда, велотрек еліміздің өңірлерінде де өте жақсы дамып келе жатыр. Біз осы чемпионатта ең үздік деген шабандоздарды іріктеп алдық. Енді олар алдағы Әлем кубогы мен құрлықтық чемпионатқа қатысады. Жаңадан жасақталған құрамадан үміт зор. Жүлдемен оралады деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы