386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралия мен Гондурас әлем чемпионатына жолдама үшін таласады

  • 441
  • UPD: 18:10, 11.10.2017

Еуропа алаңдарында соңғы болып, Португалия мен Франция әлем чемпионатына жолдама алды.

Қосымша төрт орынның тағдыры 9-14 қарашааралығында шешіледі. Бүгінге дейін әлем біріншілігіне қатысатын 32 құраманың 23-і анықталды. Азия аймағында Австралия жолдамадан үміт үзген жоқ. Төртінші іріктеу кезеңінде Сириямен кездескен жасыл құрлық футболшылары қосымша уақытта 2:1 есебімен жеңіске жетті. Есепті Сирия футболшылары ашқан. Омар аль-Сома 6-минутта мергендік танытқан еді. Артынша Тим Кэйхилл таразы басын теңестірді. Сосын қосымша уақытта да көзге түсіп, жеңіс добын соқты. Енді Австралия Гондураспен әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы