385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ашихара-каратэ жекпе-жегі Қазақстанда кеңінен таралып келеді

  • 668
  • UPD: 13:50, 15.10.2017

Ашихарааратэ де жекпе жектің көп түрі сынды Жапонияда пайда болса да, Қазақтанда кеңінен таралып келеді.

Берекет Мара, каратэші:

-Каратэні алған себебім, өйткені каратэде тебеді, ұрады, құлатады.

Берекет сияқты жас каратэшілерді Александр Журавлев тәрбиелейді. Ашихара-каратэмен 11 жасынан бастап шұғылданыпты. Ал  жаттықтырушы атанғанына 20 жылға жуықтапты. Қазір бір өзі жүз балаға бапкерлік етеді.

Александр Журавлев, ашихара-каратэ жаттықтырушысы:

-Ересек балармен жұмыс істеу жеңілірек. Ал кішкентай спортшыларды дайындау мүлде бөлек. Себебі олар – болашақ әлем чемпиондары. Қазір оларды әлем чемпионы етіп тәрбиелеуге болады. Бұл топтағы балалардың жаттығып жатқандарына 1 жылдан асты. Жас спортшылар қалалық, аймақтық жарыстардан өтті. Енді 4 адам Еуразия біріншілігіне қатысады. 

Еуразия біріншілігі Астанада 22 қазанда өтеді. Халықаралық додаға әлемнің 7 елінен жас спортшылар келеді. Жеңімпаздарға медаль, бағалы сыйлықпен қатар әлем чемпионатына жолдама беріледі.  

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Ермек Кеншимбек

Хабар 24 телеарнасы