389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эдди Хирн: Райан белдіктердің барлығын сыпырып алуды қалайды

  • 417
  • UPD: 19:21, 22.10.2017
Эдди Хирн: Райан белдіктердің барлығын сыпырып алуды қалайды Фото: Sports.kz

Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) жеңген Райан Барнетт (18-0, 9 КО) осы жетістігімен қала бергісі келмейді.

Оның промоутері Эдди Хирн бірінші жеңіл салмақтағы келесі титулдық жекпе-жегін ұйымдастыруға асығып отыр. «Біз ақпанда немесе наурызда дивизионның қалған белдіктерін жинау үшін осында келеміз. Бұл дивизионда WBA-дің «тұрақты» чемпионы Джейми Макдоннелл, WBO чемпионы Золани Тете бар. Райан белдіктердің барлығын сыпырып алуды қалайды», - деді Хирн Sky Sports арнасына.

Еске сала кетсек, Барнетт Жақияновты төрешілердің шешімімен жеңген болатын, IBF және WBA (Super) нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары енді соның иелігінде.

Хабар 24 телеарнасы