384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» «Слован» клубын ұтып, Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді

  • 425
  • UPD: 17:58, 02.11.2017

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық «Барыс» кезекті кездесуін өз алаңында өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бұл жолы қазақстандық клуб братиславалық «Слованмен» жолыққан. Матч басында қонақтар белсенді болғанымен, Линден Вей, Роман Старченко және Найджел Доустың голдары қорытынды есепті 5:2-ге жеткізді.

Айта кету керек, Найджел Доус бұл ойында хет-трик авторы атанды. Соның арқасында канадалық легионер Құрлықтық лигадағы үздік ойыншылар рейтінгінің топ басына шықты. Ал оның командасы Шығыс Конференциясы турнир тізімінің 2-ші сатысына көтерілді. Астаналық клуб енді 3 қарашада тағы да өз алаңында ойнайды. Кезекті қарсыласы Подольск қаласының «Витязь» хоккей клубы.

Хабар 24 телеарнасы