386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Динара Сәдуақасова әлемдік рейтингте 23-орынға көтерілді

  • 540
  • UPD: 23:07, 02.11.2017
Динара Сәдуақасова әлемдік рейтингте 23-орынға көтерілді kazsports.kz

Динара Сәдуақасова Қазақстан және Орталық Азия шахматшылары арасында жоғары рейтингке ие болды.

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.

Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) мәліметінше, қазақстандық шахматшы, ерлер арасында халықаралық шахмат шебері Динара Сәдуақасованың рейтингі 2460-қа дейін өскен. Осылайша ол әлемнің үздік шахматшылары тізімінде 23-орынға көтерілді. Бұл – Қазақстан және Орталық Азия әйелдер шахматы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Қазіргі уақытта спортшы Азия шахматшылары рейтингінде 8-орынға ие, ал Қазақстан рейтингінде көш бастап тұр.

Алдағы жоспарлары жайлы айтар болсақ, Динара 5 қараша күні елорданың ірі сауда орталықтарының бірінде Шахмат академиясының Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп өткізетін блиц-шахмат турниріне қатысатынын айтты. Аталған жарыс дүниежүзілік балалар күніне арналған.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы