378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде таеквондодан халықаралық турнир басталды

  • 550
  • UPD: 22:41, 04.11.2017

Семейде таеквондоның ІТҒ түрі бойынша дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

«Семей кубогіне» еліміздің барлық өңірімен қатар Ресей, Монғолия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекетінен 500-ден астам спортшы қатысып жатыр. Жарыс 2 күнге созылады. Әзірге қазақстандық таэквондошылар барлық салмақ бойынша алдыңғы қатарда келеді. Сондай-ақ Семейде жасөспірімдер арасында ел чемпионаты да жалауын көтерді. Үздік шыққан жас өрендер келесі жылы өтетін басқа да әлемдік додаларда ел намысын қорғайды.

Махаббат Советхан, ITF Таеквондо федерациясының ШҚО филиалының жетекшісі: 

- Осы жылғы соңғы турнирлер, сосын келесі жылдан бастап Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына спортшылар іріктеледі. Қаңтардың аяғында іріктеу басталып, содан кейін Азия, ары қарай Беларусьте өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Хабар 24 телеарнасы