384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпқой бокс: Қазақстан тумасы Кристина Хаммер WBC және WBO титулын қорғап қалды

  • 549
  • UPD: 17:27, 05.11.2017
Кәсіпқой бокс: Қазақстан тумасы Кристина Хаммер WBC және WBO титулын қорғап қалды Фото: Prosports.kz

Неміс боксшысы Кристина Хаммер WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын мерзімінен бұрын жеңді. Оның қарсыласы ганалық Гифти Амануа Анкрах болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Хаммер - Анкрах жекпе-жегі Мюнхенде өткен болатын.
27 жастағы Кристина Хаммер осымен 22-ші рет жеңіске жетіп отыр. Ол кәсіпқой рингте 22 кездесу өткізіп, оның 10 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап жеңіп отырды.
Еске сала кетейік, Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Германияға балалық шағында көшіп кеткен, қазіргі уақытта Дортмундте тұрып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы