383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде теннистен халықаралық турнир өтіп жатыр

  • 385
  • UPD: 18:11, 07.11.2017

Өскеменде 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер теннистен өзара мықтыны анықтап жатыр.

Халықаралық турнирге Ресей, Өзбекстан, Украина, Түркия және Қазақстаннан 64 спортшы қатысуға ниет танытқан. Еліміздің намысын теннис орталығының шәкірттері және ел құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген Татьяна Николенко қорғайды. Жерлестеріміз чемпиондық атақпен қатар Ұлттық құрамаға жолдаманы да сарапқа салады. Өйткені үздік нәтиже көрсеткендері басқа да халықаралық додаларда Қазақстан атынан өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Айта кетейік, Өскемен қаласында осындай деңгейдегі байрақты бәсеке үшінші рет өткізіліп отыр.

Мәлік Омарханов, Ұлттық құраманың мүшесі: 

– Негізі бұл жарыс мен үшін және барлық спортшылар үшін өте пайдалы. Себебі мол тәжірибе жинадық. Әрі рейтингті еселеу үшін мүмкіндік туып отыр. Бұл – менің басты мақсатым.

Хабар 24 телеарнасы