386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҰОК үздік спортшыларды «Хабар» арнасымен бірлесіп анықтайтын болды

  • 612
  • UPD: 22:05, 07.11.2017

Еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитеті үздік спортшыларды «Хабар» арнасымен бірлесіп анықтайтын болды.

Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитетінен хабарлап, «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауына дауыс беру басталғанын жариялады. Мықтыларды таңдау еркі бұл жолы жалпы қазақстандық жанкүйерлердің өздеріне беріліп отыр. Сонымен қатар биыл бұл жүлде жаңа телевизиялық форматта өтеді. Жанкүйерлер түрлі номинацияға қатысқан спортшыларға дауыс бере алады. Дауыс беру www.olympic.kz ресми сайтында 28 қарашаға дейін жалғасады. Ал осы айдың ортасында «Хабар» арнасында үздік спортшылар туралы толық мәлімет беретін арнайы күнделіктер эфирге шығады. Ал спорттық жүлденің қорытындысы 30 қарашада хабарланады.

Хабар 24 телеарнасы