386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Ирландия мен Швейцария өзара кім мықтыны анықтайды

  • 1079
  • UPD: 16:43, 09.11.2017
Солтүстік Ирландия мен Швейцария өзара кім мықтыны анықтайды UA-Football

Осы аптада футболдан Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу ойындары жалғасады.

Еуропа құрлығына тиесілі қосымша төрт жолдамадан сегіз құрама үмітті. Бүгін Хорватия Грекиямен алаңға шықса, Солтүстік Ирландия Швейцарияны қабылдайды. Белфаст қаласындағы бәсекеде кімнің басым түсетіні белгісіз. Сарапшылар екі команданың да жеңіске жетуге мүмкіндігі бар екенін айтады. Владимир Петковичтен тәлім алатын Швейцария футболшылары іріктеу кезеңінде өз тобында қатарынан тоғыз ойында жеңіске жеткен болатын. Алайда соңғы турда Португалиядан ұтылып қалды. Ал Солтүстік Ирландия іріктеу турнирінде Германияға ғана есе жіберіп, өз алаңындағы өзге кездесулердің бәрінде басым түскен еді.

Майкл О'Нил Солтүстік, Ирландия құрамасының бас бапкері:

- Бізге жеңіске жетуге тамаша мүмкіндік туып отыр. Бүгін жанкүйерлерімізге керемет көңіл-күй тарту етеміз деген үміттемін. Стадионға келген көрермендер бізге тік тұрып қолдау көрсетеді. Сол үшін жеңіске жетуге бар күш-жігерімізді саламыз. Әдемі ойын үлгісін көрсетеміз.

Владимир Петкович, Швейцария құрамасының бас бапкері: 

- Бізге қобалжуға болмайды. Кезекті қарсылас ретінде алаңға шығу керек. Біз өз ойын өрнегімізді көрсетуге тырысамыз. Қателікке бой алдырмай, қажетті нәтижеге қол жеткізуге ұмтыламыз.

Хабар 24 телеарнасы