370,04 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Надаль Лондондағы қорытынды турнирден шығып қалды

  • 282
  • UPD: 17:28, 14.11.2017

Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль Лондондағы қорытынды турнирді ерте аяқтады.

Алғашқы топтық ойында бельгиялық Давид Гоффенмен кортқа шыққан испаниялық теннисші 6:7, 7:6, 4:6 есебімен ұтылып қалды. Осы кездесуден кейін тізедегі жарақаты сыр берген Надаль жарысты жалғастырудан бас тартты. Испан жігіті қазан айында жарақаттың кесірінен Базельдегі турнирге қатыспаған еді. Сосын Париждегі мастерсте ширек финалдан кейін ойынға шыққан жоқ. Жылдың қорытынды турнирінде Надальдың орнына отандасы Пабло Карреньо-Буста ойнайды.

Осы категория бойынша: « Қазақстан экипажы «Африка Эко Рейс – 2017» ралли-марафонында жеңіске жетті «Спартактың» бұрынғы ойыншысы Қазақстан үшін ойнайтын болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы