386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігінің президенті Ресейдің талапты толық орындамағанын мәлімдеді

  • 449
  • UPD: 18:45, 17.11.2017

Кеше Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында халықаралық қауымдастық Ресейдің РУСАДА мекемесіне өз мәртебесін қайтарудан бас тартты.

Себебі орыстар ВАДА ұсынған «жол картасының» негізгі талаптарын орындамаған. Естеріңізе сала кетейік, 2015 жылғы дау-дамайдан кейін орыстардың допингке қарсы агенттігінің жұмысы тоқтатылған болатын. ВАДА құрылтайшылар кеңесінің шешімі халықаралық олимпиада комитетіне де әсер етуі мүмкін. Өйткені желтоқсан айында халықаралық олимпиада комитеті Ресей спортшыларының қысқы олимпиадаға қатысу-қатыспауы жайлы соңғы шешімді шығарады.

Крейг Риди, Бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігінің президенті:

– Ресейдің допингке қарсы күрес агенттігі біз ұсынған «жол картасының» біраз міндеттемелерін орындады. Алайда негізгі екі мәселе шешілген жоқ. РУСАДА әлі күнге дейін тиісті талаптарға жауап бере алмайды. Ал халықаралық жарыстарға кімдердің қатысатыны жайлы сұрақты шешу біздің құқығымызға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы