378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда ардагер волейболшылар арасында халықаралық турнир өтті

  • 667
  • UPD: 17:54, 20.11.2017

Талдықорғанда ардагерлер арасында волейболдан «Жетісу кубогы» халықаралық турнирі аяқталды.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан және Ресей құрамындағы Тыва мен Бурятия Республикасының командалары қатысты. 3 миллион теңге жүлде қоры бар турнирде ресейліктер жеңіске жетті. Жарыс қожайындары екінші орынға ие болса, тывалық волейболшылар үздік үштіктен көрінді. Тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыс енді жыл сайын өтпек.

Тұратбек Шарапиев Алматы облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Бұл ұйымдастырып жатқан турнирдің негізгі шарты ауыспалы болады. Биыл Қазақстанда болса, ендігі жылы Моңғолияда өткізуге келісіп жатыр. Одан арғы жылы Ресей алады ма, әлде басқа ел ме, ол жағы сол жарыста анықталады.

Хабар 24 телеарнасы