387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» «Сібірден» тағы да ұтылды

  • 638
  • UPD: 18:34, 21.11.2017

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық клуб кезекті кездесуінде есе жіберді.

Бұл жолы «Барыс» сырт алаңда «Сібір» командасымен жолыққан болатын. Матч алаң иелерінің айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп: 4:0.

Айта кету керек, қос команда биылғы маусымда осымен 3-ші рет кездесіп отыр және 3-еуінде де «Барыс» жеңіліп қалды. Соның салдарынан астаналық клуб турнир тізімінде төмен сырғыды.

Қазір Шығыс конференциясының 4-ші сатысында тұр. Ал «Сібір» кезекті жеңісінің арқасында 8-ші орынға көтерілді. Қос команда ертең тағы бір кездесу өткізеді. Яғни «Барысқа» есе қайтаруға керемет мүмкіндік туып отыр. Матч Новосібір қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы