383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА Чемпиондар лигасының 5-тур ойындары өтті

  • 507
  • UPD: 18:43, 22.11.2017

УЕФА чемпиондар лигасының бесінші тур ойындары өтті. «Севилья» өз алаңында «Ливерпульдан» 0:3 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіріп кетті.

«Спартак» Мәскеуде «Мариборды» ұта алмады. Есеп:1:1. «Фейеноордтан» 1:0 нәтижесімен басым түскен «Манчестер Сити» плей-оффқа жолдама алды. «Наполи» Украинаның «Шахтерінен» айласын асырды. Есеп:3:0. Түріктердің «Бешікташы» да келесі кезеңге шықты. Олар «Порумен» тең ойнады. «Монако» «Лейпцигке» есе жіберді. Есеп:1:4. Сырт алаңда «АПОЭЛ» қақпасына жауапсыз алты доп соққан Мадридтің «Реалы» да плей-офф мәселесін шешті. Бұл топтағы екінші жолдамаға «Тоттенхэм» иелік етті. Лондон командасы Дортмунд «Боруссиясын» 2:1 есебімен жеңді.

Маурисио Почеттино, «Тоттенхэм» ФК бас бапкері: 

- Біз өз тобымызда бірінші орын алғанымызға қуаныштымыз. «Реал» мен «Боруссияның» және «АПОЭЛ»-дің алдына түсу үлкен жетістік. Футболшылар тапсырманы тиянақты орындады. «Боруссияға» қарсы тұру қиын екені белгілі. Сондықтан ойын басындағы Кейіннің соққан добы жігіттерге сенім берді. Жанкүйерлердің де қолдауы жақсы көмек болды.

Хабар 24 телеарнасы