385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: «Барыстың» кезекті кездесуі жеңіліспен аяқталды

  • 592
  • UPD: 18:24, 23.11.2017

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық «Барыстың» төрт кездесуінде де жолы болмады.

Қазақстандық клуб бұл жолы Новосібір қаласының жергілікті командасымен жолыққан. Матч 6:4 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Талғат Жайлауов, Антон Сағадеев, Найджел Доус және Линден Вейлер мергендігімен көзге түсіп, алға шықты. Бірақ алаң иелері ойын соңына дейін қарымта қайтарып, тіпті басым түсіп үлгерді. Соның арқасында «Сібір» турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Ал «Барыс» шығыс конференциясындағы 4-орнын сақтап қалды. Бірақ бір саты кейін келе жатқан Екатеринбург қаласының клубы жақын арада жетіп алуы әбден мүмкін. Турнир тізіміне қатысты нақты нәтиже 25 қарашада белгілі болады. Осы күні «Барыс» сырт алаңда Қазанның «Ақ барысымен» жолығады.

Хабар 24 телеарнасы